Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, солтүстікте, шығыста – бұрқасын, көктайғақ болжануда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында, батысында көктайғақ, тұман түсіп, желдің екпіні 23 м/с-қа жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с, түнде облыстың солтүстік-шығысында, шығысында тұман түседі деп болжануда.
Қостанай облысының солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі.