Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстікте, батыста, орталықта тұман, оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Ақмола облысының оңтүстігінде тұман түседі.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі, күндіз солтүстігінде, батысында жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Павлодар облысының оңтүстік-батысында тұман күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп болжануда.
Синоптиктер болжамынша, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жел 15-18 м/с күшейеді.