Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстікте дауыл, солтүстік-батысында тұман күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Алматы облысының күндіз шығысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі, облыстың оңтүстігі және шығысында жел 18-23 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, күндіз Павлодар облысының орталығында жел 15-20 м/с күшейеді деп болжануда.