ШҚО-да жел екпіні күтіледі

503
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін ел аумағыың басым бөлігінде оңтүстіктен келген циклон сақталып, осыған байланысты кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Еліміздің батыс бөлігінің кей жерлерінде нөсер жауын жауады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, дауыл тұрады, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл тұрып, солтүстігінде түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Қарағанды облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, күндіз екпіні 25 м/с-қа дейін күшейеді деп күтілуде. Одан бөлек, кей жерлерінде дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал.