ШҚО-да жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал

568
көрілім
Шартты фотосурет

«Қазгидромет» мамандары 18 маусым күні ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Нөсер жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай жарқылдайды. Кей жерлерде жел күшейіп, солтүстік пен шығыста дауыл тұрады. Солтүстікте тұман түседі.

Ақмола облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болады. Бұршақ жаууы ықтимал, күндіз кей жерлерде дауылды жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел қарқыны - 15-20 м/с. Бұршақ жаууы мүмкін, Түнде кей жерлерде тұман түседі.

ШҚО-ның кей жерлерінде желдің күші - 15-20, екпіні - 25 м/с болады, Дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал.