ШҚО-да жемқорлық фактілері ең көп тіргелген аудандар аталды

287
көрілім

Жауапты тұлғалар мұның соңында пара беру тұр ма, жоқ па екендігін әлі нақтылап жатқандарын жеткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қазір жемқорлық қылмысы қай салаларда тіркелген? Сыбайлас жемқорлыққа іс қимыл департаментінің өкілдері көбінесе білім беру, денсаулық сақтау сынды салаларды тілге тиек етті. Ал аудандарда бұл жағы сәл өзгеше.

- Аудандар арасында да пара беру, жымқыру фактілері салыстырмалы түрде көп тіркелген аудандар белгілі болды. Олар: Бородулиха мен Глубокое аудандары. Дегенмен бұл қылмыстардың пара беру ме, жоқ па екендігін әлі нақтылап жатырмыз. Жалпы, аудандарда ТҮКШ, жер қатынастары, шабындық пен жайылым жерлері төңірегінде жемқорлықтың иісі байқалады, - деді Департамент мамандары.