Жауапты тұлғалардың айтуларынша, сыбайластық әрекеттері бойынша көрсеткіш бірнеше сала төңірегінде өзгеріп тұрады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің басшысы Денис Шакеновтің мәліметінше, Шемонаиха ауданында білім саласында шикіліктер көп байқалды.
– Тарбағатай ауданы сібір жарасын жұқтырған мал өлекселерін көму кезінде олқылықтарға жол беріп, назарға ілікті. Негізінде, мемлекеттік қызметшілер және мекемелер санының көптігіне қарай Өскемен көш бастап тұр. Түрлі департаменттер мен басқармалар бар. Сәйкесінше, сыбайластық тәукелдері де жиі тіркеледі, – деді ол.