ШҚО-да жемқорлық қылмысы бойынша 97 адам жауапқа тартылған

352
көрілім
Шартты фотосурет

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің басшылығы өткізген жиында айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Түрлі салалардағы құқық бұзушылықтарға тоқталып өткен Департамент басшысы Ерлан Жалмағамбет жауапты тұлғалардың да заңды белден басқан сәттерін нақты сандармен жеткізді.

– Жемқорлық қылмыс жасағаны үшін 97 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардың ішінде республикалық, облыстық және аудандық деңгейдегі лауазымды тұлғалар бар. Уақтылы жүргізілген жедел шаралардың нәтижесінде жүйелік жемқорлық бойынша 10 факті анықталып, сегіз адам қылмыстық жазаға тартылды, – деді Ерлан Нағашбайұлы.

Былтыр шағын және орта бизнес субъектілерінің жұмысына қол соғу бойынша 11 жайт тіркелді. 15 кәсіпкердің құқығы қорғалып, 12 адам сот шешімімен айыпты деп танылған.

– Бұдан бөлек, мемлекетттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысында 34 жемқорлық қылмыс анықталып, қабылданған шаралар барысында өтелген шығын сомасы – 1,4 млрд теңгені құрады, – деді Ерлан Жалмағамбет.