ШҚО-да жемқорлыққа қарсы күрестегі бір сарындынылықтан құтылуға басымдық берілуде

679
көрілім

Бұл туралы ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Жігер Байділдин «Өскемен жылу жүйелері» АҚ басшылық құрамымен бірлесе өткізген кеңесте мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ақпан айының 2-сі күнгі Президенттің Жарлығымен ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған жаңа Тұжырымдамасы қабылданды. Соған орай еліміз сыбайлас жемқорлыққа қарсы бір сарынды іс-қимылдан қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге, халықтың сыбайлас жемқорлық пен непотизмнің кез келген нысандарын қабылдамауына, алдын алу шараларының басымдығына көшуді көздейді.
- Тұжырымдамаға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру, тәрбиелеу және білім беру шараларын жүйелеу, мемлекеттік аппарат пен бизнес-қоғамдастық өкілдерін парасатты мінез-құлыққа ынталандыру арқылы сыбайлас жемқорлықты мүлдем қабылдамауға қол жеткізілетін болады. Жалпы алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат сыбайлас жемқорлықты экономикалық және бедел жағынан тиімсіз етуге бағытталған - деп атап өтті Жігер Байділдин. - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын алудың қазіргі заманғы әдістерін қолдану, оның ішінде корпоративтік сектор үшін де өзекті міндет.
Осыған байланысты, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңға квазимемлекеттік және жеке сектор ұйымдарында корпоративтік стандарттарды сақтауға жауапты сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер институтын іске асыру бойынша өзгерістер енгізілді.
Бүгінгі таңда облыста 389 квазимемлекеттік сектор субъектісінде комплаенс-қызмет құрылды, оның ішінде «Өскемен жылу жүйелері» АҚ бар.
Квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілерінің ауқымы кеңейтілді. Оларға сатып алуды ұйымдастыру және өткізу жөнінде шешімдер қабылдауға уәкілетті не мемлекеттік бюджеттен және Ұлттық қордан қаржыландырылатын жобаларды іріктеу мен іске асыруға жауапты адамдар жатады.
Тұтастай алғанда, тұжырымдамаға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға азаматтық қоғамды кеңінен тартуға бағытталатын болады.