ШҚО-да жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында кездесу өтті

372
көрілім

Бүгін аймақтық ӘМСҚ КЕАҚ филиалы ұжымы мен  ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі департаменті превенция басқармасының басшысы Архат Бейсембаевпен кездесу өтті. Айта кету керек, аталмыш шара Қордың орталық аппараты Қауіпсіздік қызметі  ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Кездесу қонағы Архат Бейсембаев қазіргі уақытта басқарма тарапынан жемқорлықтың алдын алуда, қоғамда осы кеселге төзбеушілік қалыптастыруда, жемқорлыққа қарсы мәдениетті енгізуде атқарылып отырған шаралар жайлы бөлісті.
«Жемқорлық-мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Қазіргі уақытта жемқорлықты болдырмау, оны ауыздықтау бағытында өте көп жұмыстар қолға алынған. Біз қоғамның осы «дертке» әлсіз салаларын терең зерттейміз. Жалпы әдептілік, адалдық сияқты маңызды ұғымдарды қалыптастыруда идеологиялық құралдар күшейтілді, әлеуметтік желілердегі жұмысты белсенді ете түстік», - деп бөлісті басқарма басшысы.
Сонымен қатар сөз барысында Архат Бейсембаев жемқорлық заң бұзұшылық фактілері бойынша әкімшілік және қылмыстық жазаның күшейтілгенін, осы бағытта орын алған қылмыстар туралы мысалдарды тілге тиек етті.
Тағы бір айта кететін жайт, әр азаматтың қандай да бір жемқорлық фактілері немесе орын алуы мүмкін тұстары туралы 1424 Call-орталығына хабарлауына болатындығын нықтады.
Өз кезегінде, ӘМСҚ филиалы директоры орынбасары Риза Төкежанова, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қашанда пациенттердің хұқықтарын қорғау омбудсмені ретінде ең алдымен медициналық қызметті алуда біхдің аймақтың тұрғындары зардарп шекпеуін, тиісті көлемде әрі сапалы алуларын қадағалап отыратындықтарын жеткізді. Сондай-ақ, ұжымның ішінде ұдайы түрде заңбұзушылықтарға жол бермеу және жемқорлықтың алдын-алу жөнінде түсіндірме жұмыстары өткізіледі деді филиал орынбасары.
Кездесу соңында ұжымға жемқорлықтың тек қоғамға ғана емес, бүтіндей отбасыға келтірер залалы турлы маңызы терең әлеуметтік бейнероликтерді көрсетілді.