ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаменті жанындағы ақпараттық-ағартушылық штабының мүшелерінің қатысуымен «Адал қол, адал жол» акциясы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Волонтерлер мен облыстық «Жастар ресурстық орталығы» мамандарының қатысуымен өткен шарада Өскемендегі қоғамдық көліктерде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 1424 call орталығының танымалдығын арттыру бойынша плакаттар жапсыру және халық көп жиналатын орындарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы парақшаларды тарату жұмыстары жүргізілді.
Аталған акция қала тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді күресте азаматтардың санасын өзгерту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлыққа берік иммунитетті қалыптастыру қажет, сондай - ақ қоғамның белсенді қатысуынсыз қалаулы нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес, - деп атап өтті облыстық штаб жетекшісі Арайлым Есімбекова.
Жалпы, осы акция аясында 1500-ден астам плакаттар мен брошюралар таратылды.