ШҚО-да жеңіл атлетика манежіне қатысты пікірге жауап берді

648
көрілім

Өскемендегі О.Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежін COVID-19 инфекциясын жұқтырғандарды қабылдау үшін әзірлеуде деген ақпарат жалған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тұрғындар арасында түрлі пікір туындағаны рас. Алайд ақпараттың жалғандығы туралы ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеген еді.

– Әлеуметтік желіде қандай да бір спорттық нысанда жұмысшылардың ғимарат ішіндегі қауырт жұмысы желдей ескен еді. Сол дақпыртқа сенсек, аталған жеңіл атлетика манежін коронавирус пандемиясын жұқтырғандарды қабылдау үшін аурухана ретінде пайдаланбақ. Олай емес. Бұл еліміздегі басқа бір нысанда түсірілген бейнежазба. Маусым айының 27-не дейін спорттық нысанда жеңіл атлеттердің әзірлігі жүріп, кейін карантинге байланысты барлығы тоқтатылды, – делінген хабарламада.

Бұған қоса, мәліметтің жалғандығын, өңірге еш қатысы жоқ екендігін басқарма басшысы Денис Рыпаков та растады.