ШҚО-да жеңіл көлік пен КамАЗ бетпе-бет соқтығысты

470
көрілім

ШҚО Глубокое ауданында жеңіл көлік пен КамАЗ бетпе-бет соқтығысқан, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 20 ақпан күні Глубокое ауданындағы «Өскемен-Шемонаиха» тасжолының 6-шы шақырымында болған. Анықталғандай, Глубокое кентіне қарай бара жатқан KIA Soul маркалы автокөліктің 30 жастағы жүргізушісі алдындағы көлікті басып озбақ болып қарсы жолаққа шығыпты. Алайда рульді басқара алмай қалып бірінші сол көлікпен, содан кейін қарсы бағыттағы КамАЗ-бен бетпе-бет соқтығысқан.

- Жол-көлік оқиғасы салдарынан KIA Soul көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушы түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 345-бабы, 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалған, - деп хабарлады ведомство өкілдері.