ШҚО-да «Жер-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті

301
көрілім

Шығыс Қазақстан облысында «Жер-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті. Оған облыс әкімі Ермек Көшербаев қатысты.

«Жер-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде Шығыс Қазақстанда жойқын жер сілкінісі болған жағдайда азаматтық қорғау қызметтері мен облыстың жергілікті атқарушы органдарының іс-қимылдарын пысықтау бойынша жаттығу өтті. Оқу-жаттығуға ШҚО әкімі Ермек Көшербаев қатысты. Аңыз бойынша, облыс орталығында қатты жер сілкінісі болды. Салдарынан көптеген көшелерде ғимараттар бүлініп, өрт ошақтары пайда болды. Олардың бірі бес қабатты үйде болды, онда қою түтінге оранған пәтерде өздігінен шыға алмай қалған тұрғындар болган. Өрт тез таралып, балконға өтіп, жоғарыдағы пәтерлерге қауіп төндірді. Баспалдақ алаңының қирап қалуы себепті адамдарды эвакуациялау мүмкін болмады. Оқиға орнына келген өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері газ-түтіннен қорғау қызметінің буынын құрды. Өрт сөндірушілер бір уақытта зардап шеккендерді түтін ішінен іздеп, оларды баспалдақпен эвакуациялап, өртті сөндірді. Қалған тұрғындар «өмір текшесінің» көмегімен құтқарылды, ал жарақат алғандар арқанмен түсірілді, оларды Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері қарсы алып, шұғыл көмек көрсетті.

​Келесі кезеңде құтқарушылар ғимараттың ішінара қирауы нәтижесінде үйінділер астында қалған адамдарға көмек көрсетті. Альпинистік жабдықтар, кинологиялық есептер, гидравликалық құралдар қолданылды. Оқу-жаттығудың соңында қираған үйлердің тұрғындарына арналған лагерь көрсетілді.

- Жақында Түркия мен Мароккодағы жойқын жер сілкіністері барлық қызметтердің өзара байланысы мен нақты үйлестірілуі төтенше жағдайлардан ең аз шығынмен шығуға мүмкіндік беретіндігін көрсетті. Енді біз ТЖ кезінде байланыстың болуын қамтамасыз ететін арнайы қондырғы алуымыз керек, өйткені бұл жұмыстың маңызды шарттарының бірі. Сондай-ақ адамдарды байланыспен, көлік құралдарымен, дәрі-дәрмектермен және медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін барлық мемлекеттік органдар мен басқа бөлімшелердің өзара әрекеттесуінің жобалық кеңсесі қажет. Бұл алгоритмдердің барлығы тек оқу-жаттығуларда ғана емес, жыл бойы жұмыс істеуі шарт. Біздің ірі зауыттарымыздың, коммуналдық кәсіпорындардың жер сілкінісіне төзімділігін тексеру өте маңызды. Халықты уақтылы хабардар ету жүйесі сатып алынды, бүгінде құтқарушылар олардың қандай да бір жағдайларда қалай жұмыс істейтінін көрсетті. Қосымша заманауи техника сатып алу қажеттілігі бар. Тұтастай алғанда, төтенше жағдайлар туындаған кезде барынша үйлестірілген іс-қимыл жоспарын әзірлеу маңызды. Нәтижесінде, тұрғындар дүрбелеңге бой алдырмай, өзін қалай ұстау керектігін білетін болады, - деді облыс әкімі.