ШҚО-да "Жер-2024" оқу-жаттығуы жалғасуда

192
көрілім

Бүгін "Жер-2024" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларының екінші кезеңі басталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі  

Құтқарушылар үйінді астында қалған адамдарға көмек көрсетті. Бұл жаттығуға альпинистік жабдықтар, кинологиялық есептеулер, гидравликалық құралдар пайдаланылды. Бұған қоса, химиялық қауіпті объектіде улы заттың төгілуі жағдайында атқарылатын іс-әрекеттер пысықталды.
- Өзара іс-қимыл жоспарына сәйкес қираған аудандарда авариялық-құтқару және қалпына келтіру жұмыстары кезінде Ұлттық ұлан бөлімшесі де атсалысты. Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен Абай, Жетісу, Қарағанды облыстарының құтқарушы күштері мен құралдары жұмылдырылды, - делінген ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті ұсынған ақпаратта.
Оқу-жаттығу барысында жер сілкінісіне бейім емес өңірлерде зардап шеккен халықты қабылдау мәселелері қоса қарастырылуда. Жедел штабта жедел топ басшыларының, министрліктердің, облыс әкімдіктері басшыларының жойқын жер сілкінісі жағдайындағы ахуал бойынша баяндамалары тыңдалды.