ШҚО-да «Жер аманаты» комиссиясының кезекті отырысы өтті

451
көрілім

«AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан аймақтық филиалы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының отырысына комиссия мүшелері, жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, аудан әкімдері, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.
Жиын барысында, Тарбағатай (Жөргекбаев Д.Ш); Глубокое (Тумашинов Э.Л); Катонқарағай (Қалиқан Д.Қ); Ұлан (Құрмамбаев Р.Т) және Самар (Сеитқанов Р.К) аудандары әкімдерінің пайдаланылмаған және ҚР заңнамасын бұза отырып заңсыз берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша атқарылған жұмыстары туралы баяндамалары тыңдалды.
- «Жер аманаты» комиссия отырысының №3 хаттамасының 5.1-тармағын орындау бойынша бүгінгі күні облыс бойынша ерікті түрде бас тарту және жалдау мерзімінің аяқталуы жолымен 99 мың га мемлекеттік меншікке қайтарылды. Департаментпен жергілікті атқарушы органдармен бірігіп, жер заңнамасын бұза отырып берілген және пайдаланбайтын жерлерді мемлекетке қайтару бойынша жұмыстар жалғасуда, - деп атап өтті ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің жер ресурстарын басқару комитеті ШҚО жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Сейсенғазы Чукаев.
Отырыс қорытындысы бойынша берілген жоспарды орындамаған партия мүшелеріне – аудан әкімдеріне қатысты партиялық шаралар қолдану үшін материалдар партиялық бақылау комиссиясына жіберу тапсырылды.
Шара соңында, «Жер аманаты» комиссиясының 2022 жылғы жұмысының қорытындылары мен 2023 жылға арналған міндеттері туралы комиссия төрайымы Сайрангүл Жұмаділова баяндады.