ШҚО-да жер кадастры бағыты бойынша 16 мыңнан астам адамға қызмет көрсетілді

296
көрілім

Жыл сайын наурыз айының үшінші аптасы республика бойынша «Жерге орналастыру, геодезия және картография күні» атап өтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, жер учаскелерінің шекараларын анықтау, елді мекендердің шекараларын өзгерту жобаларын әзірлеу мен шекараларын орнату - мұның бәрін жерге орналастырушылар, геодизестер және картографтар жүзеге асырады.

Топырақтанушылар топырақтық және геоботаникалық зерттеулерді орындайды, топырақ бонитетінің балын анықтайды, жер учаскелерін паспорттауды жүргізеді, мүдделі тараптарға мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін ұсынады. Бұл мамандардың барлығы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалында жұмыс істейді.

Өткен жылы жер кадастр бағыты бойынша 16 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген. Соның ішінде «Жер учаскелерінің актілерін дайындау және беру», «Жобаланатын жер учаскесін мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне келісу», «Мемлекеттік жер кадастрынан мәлімет беру» сияқты түрлі қызмет көрсетілген.

- Осы апта біздің мерекеміз, жерді пайдалану жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асырцға үлес қосқан бірқатар жерге орналастырушы мамандар, Жер ресурстарын басқарушы департаментімен мемлекеттік корпорация басшылығының медаль, Алғыс хаттарымен марапатталды. Бүгінде бұл саладағы жұмыс үдерісіне заманауи технология мен жаңашылдықтар енгізіліп, өнімділік артып келеді. Мемлекеттік қызметтер цифрлы форматқа өтіп, көрсетілетін уақыты қысқарды. Корпорация қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, сәтті жобалар мен ұтымды шешімдер, тамаша идеялар тілеймін», - деді «Азаматтарға арналған үкімет» ШҚО бойынша филиалының жерге орналастырушы бағыты бойынша филиал директорының орынбасары Дмитрий Галанин.

Айта кетейік, бүгінгі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жер кадастры бойынша 18 қызмет түрін көрсетеді. Оның ішінде жер аумағын, құрылымын, топырақ құрамын анықтау бойынша қызметтер бар.