ШҚО-да жер үйде иіс тиген 49 жастағы ер адам көз жұмды

115
көрілім

Шығыс Қазақстан облысында жер үйде иіс тиген 49 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.   
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға Ұлан ауданы Донское ауылында болған. 
Жеке тұрғын үйде иіс тиген 49 жастағы адамның денесі табылды. Сонымен қатар 32 жастағы тағы бір азамат улану белгілерімен медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта ол дәрігерлердің бақылауында.   
«Белгілі болғандай, жер үйде бір күн бұрын пеш жағылып, содан кейін пеш мұржасының жапқышы жабылып тасталған. Соның салдарынан көміртегі тотығы үй ішіне таралған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
 

Талғатжан Мұхаметбекұлы