ШҚО-да «Жергілікті жерде жастар саясатын жүзеге асыруды бағалау және мониторинг жүргізу» тренгингі өтті

389
көрілім

Жақында Өскемен қаласында «Жергілікті жерде жастар саясатын жүзеге асыруды бағалау және мониторинг жүргізу» тренингі өткізілді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Тренинг «Катализатор прогресі» жеке қорымен ШҚО Ішкі істер басқармасының мемлекеттік тапсырысы аясында ұйымдастырылды.

Семинарға қалалық және аудандық Жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері, жастар ұйымдарының өкілдері мен активистер қатысты.

Тренингті жүргізуге «Жастар» ғылыми зерттеу орталығы жанындағы Ұлттық тренерлер өрісі бойынша сертификатталған тренерлері, «Жастар» ҒЗО директоры Узарова Луиза Магамедовна мен «Жастар» ҒЗО жастар арасында «Рухани Жаңғыру» құндылықтарын енгізу орталығының жетекші сарапшысы Сыздыкова Аида Амановна шақырылды.

Тренинг бағдарламасы жастармен жұмыс жасайтын мамандардың біліктілігін арттыруға, жастар саясаты саласындағы институттардың бірігіп жұмыс істеуіне жағдай жасауға және өзін-өзі басқару үрдістерін белсенді етуге бағытталған. Тренерлер қатысушыларды мемлекеттік жастар саясатының ұғымдық өрісімен, Қазақстандағы жас азаматтың бейнесімен, жастар саясатының индикаторлары, жастар белсенділігін ынталандыру әдістері және қағидаларымен таныстырды. Сонымен қатар жастар саясатының сұранымдарын бағалау мен тиімді қарым-қатынас орнату жолдары туралы түсінік берді.

Оқу бағдарламасы аясында топпен формальді емес жұмыс жасалды. Жұмыс арнайы жаттығулар мен бейресми білім беру техникаларының көмегімен эмпирикалық тәжірибе арқылы алуға бағытталған.