Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калаичиди Шығыс Қазақстан облысында зорланған жеті жасар қыз бала туралы дерек таратқан полицейдің ісіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі
- Полиция қызметкері оқиға орнына барып, бейнежазбаларды, тергеу материалдарын теріс пайдаланғаны үшін сөзсіз жұмыстан босатылады. Жұмыстан босату – ең төменгі жаза және оның істеген әрекеттері үшін үстінен қылмыстық іс қозғалады. Егер қылмыстық құқық бұзушылықтың дәлелдері болмаса, тәртіптік шаралар қолданылады, - деді Калаичиди ІІМ-де өткен брифингте.
Оның айтуынша, жас полицей зардап шегуші қыз туралы мәліметтің таралуына кінәлі.
- Мұндай жағдай Қарағандыда да болды. Жастар әрдайым телефонды қолданады. Бұл - жас қызметкер. Оның зардаптарын білмейді, ойламайды да. Олар үшін біз жауап берудеміз, - деп атап өтті ІІМ басшысының орынбасары.
Еске салайық, оқиға 28 қазанда Шемонаиха ауданында болған. «Зорлық-зомбылыққа қарсы «Үнсіз қалма KZ» қорының басшысы Дина Таңсәрі өзінің Facebook парақшасында жәбірлеруші қыз туралы деректер жазды. Кейін ІІМ тергеу ісі басталғанын хабарлады.