ШҚО-да жезөкшелікпен айналысуға арналған тағы бес притон анықталды

638
көрілім
Шартты фотосурет

22 қараша мен 1 желтоқсан аралығында өткізілген «Stop-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Өскемен мен Семейдегі монша кешендерінде жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұстауының және жеңгетайлықтың 5 фактісі анықталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аталған шара барысында тәртіп сақшылары пәтерлерді жалға беретін ойын-сауық орындарын, монша кешендерін, сауналарды, қонақ үйлерді тексерді. Соған сәйкес Өскемен және Семей қалаларындағы монша кешендері әкімшілерінің жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұстауының және жеңгетайлықтың 5 фактісі анықталып, олар бойынша қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 309-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
-  Қолға түскендер өз кінәларын мойындап, енді бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Рейдтік іс-шаралар барысында ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 1-бөлігі (қоғамдық орындарда тиісу) бойынша 46 факті және ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабына (жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар беру) сәйкес екі факті анықталып, барлығы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген, - деді ШҚО ПД баспасөз қызметіндегілер.
Қорытындысында, профилактикалық есепке 17 адам қойылды. Оның ішінде «жеңгетай» санаты бойынша - 3 адам, «жезөкше» санаты бойынша - 14 адам.