Алтай ауданында жоғалған баланы іздеу жұмыстарын тоқтатты. Бірнеше күндік шаралар соңында баланың жансыз денесін табылды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
20 тамыз күні қосымша іздеу жұмыстары барысында құдықтардағы суды тазалап, тұнбаны шығару кезінде бүлдіршіннің денесі табылды.
2017 жылы дүниеге келген Әлихан есімді бүлдіршіннің денесі есік алдындағы құдық түбінен байқалған.
Қазіргі уақытта тексеру жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалған.