Зайсан көлінде екі ер адамның мәйіттерін іздеу жұмыстары тоқтатылды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Тарбағатай ауданында бір аптадан аса уақыт бойы екі балықшы іздестірілген болатын. Олар 6 қыркүйек күні қайықпен шығып, жоғалып кетті. Іздестіру барысында ең алдымен суда жүзу құралдарын тапқан.
– Зайсан көлінде жағадан 15 шақырым жерде 1978 жылы туылған адамның мүрдесі табылды. Оның үстінде құтқару жилеті болмаған. Ал екінші балықшының мәйіті оқиға орнынан бір жарым шақырым жерден табылған, – деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.