ШҚО-да жол апатынан бес адам көз жұмды

387
көрілім

Жол-көлік оқиғасы мамыр айының 22-сі күні Жарма ауданында болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Берілген мәліметке сүйенсек, тасжолдың 959  шақырымында болған.
– «Nissan» көлігін тізгіндеген жүргізуші Алматы облысынан  Жарма ауданының Қалбатау ауылына қарай келе жатқан. Жүргізуші жылдамдықты шамадан тыс арттырып жіберуінен ілеспе бағытта келе жатқан трактор тіркемесінің артқы бөлігімен соқтығысқан, – деді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер. – Апат салдарынан көлік жүргізушісі мен төрт жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді,–  делінген мәліметте.
ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.