ШҚО-да жол қозғалысы ережелерін бұзғандардан 26 миллион теңге өндірілді

1086
көрілім
Фотосурет 716.kz сайтынан

Өңір аумағында"Борышкер" жедел-профилактикалық шарасы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Республикалық шара нәтижесінде, 1981 әкімшілік іс бойынша 25,9 миллион теңге айыппұл небәрі бір апта ішінде өндіріліп, 51 көлік тұраққа қойылды.
- Жыл басынан бері полиция департаменті 96 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады. Соның ішінде, 17 мың іс бүгінгі күнге дейін қалпына келтірілмеген күйінде қалып отыр. Барлық өндіріп алу сомасы 116 миллион теңгеден асады, - делінген мәліметте.
Естеріңізге сала кетейік, "Борышкер" ЖПШ маусым айының отызына дейін жалғасады.

Дидар ЕРБОЛАТҚЫЗЫ