ШҚО-да жол қозғалысы қауіпсіздігін тексеру кезінде 150-ден астам ақау анықталды

490
көрілім

Полиция департаментінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жолдың сапасын тексеру кезінде бірқатар бұзушылықтар анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
  Нақты айтсақ, жол қозғалысы қауіпсіздігіне теріс әсер ететін 150-ден астам ақау анықталып, мердігерлік жол ұйымдарының атына кемшіліктерді жою бойынша 200 ұйғарым жіберілді.
- Табылған кемшіліктер бойынша жол қызметтерінің 11 басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл тізімде қала, ауылдық округ әкімдері, ТҮКШ бөлімдерінің басшылары мен мамандары, квазимемлекеттік сектор өкілдері, мердігерлік ұйымдардың заңды тұлғалары бар, – деді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.