ШҚО-да жол салып жатқан қытайлық компанияға айыппұл салынды

155
көрілім
Фото:aqmeshit-zhastary.kz сайтынан

 «Майқапшағай-Қалбатау» бағытында жол салып жатқан Қытай серіктестігі құрылыс қалдықтарын шығармаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Экология департаментінің өткен жылы облыс бойынша Ұлттық қауіпсіз комитетіне жолдаған хаты негізінде «Синьсин» серіктестігін назарға алып, жоспардан тыс тексеріс жүргізген. Хатта көршілес компанияның табиғатты қорғау заңнамасын сақтамау мәселесі бойынша сұрақ көтерілді.


Жоспардан тыс тексеру нәтижелеріне сәйкес бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, қалдықтарды сақтайтын, араластыратын және оларды хаттап, шоттап отыратын журналдың болмауы, жол төсемінің мұнай өнімдерімен ластануы, сондай-ақ асфальт-бетон зауытында қоршаған ортаға қатысты (№ 8 учаске) эмиссияның жоқ екендігі байқалды.


Заңға сәйкес, кәсіпорын өндіріс көлемін (50 %) қысқартуға құқылы, ол үшін жалпы сомасы 3 967 500 теңге айыппұл төлеу қажет.
Алайда эмиссиялар көлемі асып кеткені үшін мың пайыз мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Оның жалпы сомасы -262 555 528 теңге. Қытай серіктестігі мемлекет тарапына айыппұлды толықтай төлеп шықты.