ШҚО-да жолда келе жатып телефон қолданған жүргізушілер жазаланды

260
көрілім
Фотосурет ШҚО ПД

Қазіргі уақытта облыста «Автобус» жедел алдын-алу шарасы жалғасуда, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, шараның алғашқы күнінде-ақ қоғамдық көлік жүргізушілерінің 80-нен астам жол ережесін бұзу фактісі анықталған.
Оның ішінде:

  •  20-сы қоғамдық көлік жүргізу барысында телефон пайдалану,
  • біреуі – көлікті қайта жабдықтап, өзгеріс енгізу,
  • 9-нда көліктен шыққан газ құрамында зиянды заттардың көп бөлінуі.

Дильназ ЮНУСБЕКОВА