Ресми мәліметке сүйенсек, облыстық маңызы бар 222 шақырым жолды жөндеуге 7,7 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Анықталғандай, аудандық маңызы бар жолдарға да қомақты қаржы қарастырылды.
- Оның ұзындығы - 378 шақырым, жөндеуге бөлінген сома - 14,6 млрд теңге. Көшелерді күтіп ұстауға 6,2 млрд теңге бөлінбек. Жолдарды қайта жаңғырту үшін 22,3 млрд теңге қарастырылған, - деді ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов.
Жауапты тұлға ұсынған тізімге сүйенсек:
Васильев-Бозанбай аралығындағы 17-32 шақырымды жөндеуге - 507 млн 606 мың теңге;
Өскемен-Тарғын-Самар бағытындағы тасжолдың 133-145 шақырым аралығын жөндеуге 1 млрд 50 млн 341 мың 314 теңге;
Күршім-Қалжыр бағытындағы Бурабай жолының 12-27 шақырымын жөндеуге - 968 млн 666 мың 68 теңге;
Ақсуат-Бакей-Қарасу-Ақжар бағытындағы жолдың 106-124 шақырымын жөндеуге 787 млн 547 мың теңге бөлінді.
Әділхан ЕСІМХАНОВ