Өңірде биыл жол-көлік оқиғалары 31,6%-ға, жол апатынан көз жұмғандар 27,1%-ға азайған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл туралы онлайн форматта халыққа есеп берген ШҚО Полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев айтты.
– Көлік жүргізушілерімен профилактикалық жұмысты жандандыру, жолдарды тексеру және авариялық-қауіпті учаскелерді жою нәтижесінде оң нәтижелерге қол жеткізілді. Атап айтқанда, биыл жол-көлік оқиғалары 31,6%-ға, жол апатынан көз жұмғандар 27,1%-ға, жарақат алғандар 32,5%-ға азайған. Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру үшін бірқатар шаралар атқарылды. Мәселен, Өскемендегі 21 жол қиылысында жүргізушілерге солға бұрылуға рұқсат беретін арнайы секциялары бар бағдаршамдар орнатылды. Сондай-ақ 3 жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі салынды, - деді ол.
Оның айтуынша, жыл басынан бері Өскемен мен Семей қалаларында, Самар, Көкпекті ауылдарында және Глубокое кентінде 9 бағдаршам салынған. Сонымен қатар республикалық және облыстық маңызы бар автокөлік жолдарына комиссиялық тексеру жүргізіліп, тексеру нәтижелері облыс әкімдігі мен прокуратураға қарауға жолданды.