ШҚО-да ЖРВИ-мен ауыратындар саны екі есе артқан

163
көрілім
фотосурет ашық дереккөзден

 

Өткен аптада аймақта ЖРВИ-дің 10 142 жағдайы тіркеліп, оның алдындағы аптамен салыстырғанда өсім байқалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, өңірде эпидемиялық маусым басталғалы ЖРВИ-дің 131 738 жағдайы, ал 2022-2023 жылдардағы эпидемиологиялық маусымда 58 354 жағдай тіркелген. Бұл дегеніміз өткен жылдармен салыстырғанда 2,2 есеге жоғары.
Осы ретте ЖРВИ-мен ауыратындардың 75 845-і - балалар. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,4 есеге жоғары.
- Өткен аптада аймақта ЖРВИ-дің 10 142 жағдайы тіркеліп, оның алдындағы аптамен салыстырғанда өсім байқалды. Науқастардың арасында – 58,25%-ы 14 жасқа дейінгі балалар.
Сонымен қатар эпидемиологиялық маусым басынан бері тұмаудың 121 жағдайы тіркелді.

 

НҰРДАУЛЕТ ҚАЛИБЕКОВ