«Nur Otan» партиясы ШҚО филиалы жанындағы Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өңірлік Қоғамдық кеңестің отырысы өтті, деп хабаралайды Buqara.kz сайтының тілшісі
Жиында елдің қоғамдық-саяси өміріндегі әйелдердің рөлін арттыру, «Жасыл ел» еңбек жасағы жұмысын ұйымдастыру, «Жас маман» жобасы бойынша орталықтар ашу, волонтерлік қызмет желісін кеңейту сынды мәселелер қаралды.
Шара барысында жыл сайын жазғы кезеңге кемінде 1,5 мың адамды жұмысқа орналастыру, «Жас маман» жобасы бойынша өңірдегі 10 колледжде құзырет орталықтарын ашу мәселелері талқыланды.
– Өткен жылдың қорытындысына сәйкес жұмыспен қамту орталықтарына хабарласқан жастар легі аз емес. Нақты айтсақ, 8939 қоңырау түсіп, 8907 адам жұмысқа орналасқан. Ауылдық жерлерде 4916 жас өтініш білдіріп, 4691жұмысқа орналасты, - деді ШҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өкілі Т.Д. Савченко.
Айта кететін жайт осы жылдың қаңтарынан бастап жұмысқа орналасу бойынша 8939 жас өтініш білдірген.