Ресми ақпаратты Ұлттық статистика бюросының ШҚО бойынша департаменті өкілдері ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Соңғы зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сүйенсек, аймақ бойынша жұмыссыз халықтың саны 17 мыңнан асып отыр.
– Облыс бойынша бұл көрсеткіш 4,6% шамасында. 1 шілдеден бастап санағанда тіркелген заңды тұлғалар саны – 15 мыңға жуықтады. Былтырмен салыстырғанда 0,6% -ға артты. Жұмыс істеп жатқандар саны – 11 519 адамды құрады.
Облыста шағын бизнес субъектілерінің саны 12 084. Өткен жылмен салыстырғанда 0,2%-ға артты, – деді Ұлттық статистика бюросының ШҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Ерназ Нұрланов.
shkoda_zhumyssyz_adamdardyn_sany_17_mynnan_a
59