Бұқтырма су қоймасын дамыту жоспары туралы облыстық туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Марат Қабақов ой бөлісті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
– Қазір Бұқтырма су қоймасын дамыту жоспары дайындалуда. Оған жол жөндеу мен Октябрь паром өткелін қайта жандандыру және Алакөлдегідей инвестициялық алаң жасау жұмыстары кіреді. Ол үшін байқау ұйымдастырылады. Мемлекеттік орындармен қаралудағы жоба жұмысы дайын, – дейді Марат Қабақов.
Айта кетейік, аталған өткел «Алтайская бухта» демалыс базасына жақын орналасқан. Бұрын бұл өткел арқылы Катонқарағай мен Алтай ауданына жол жүрген жүргізушілер еркін өтетін. Бүгінде өткел тоқтап тұр.