ШҚО-да жүргізушілерге көлікті уақытша тіркеу туралы кеңес берілді

348
көрілім

ШҚО-да полиция қызметкерлері 50-ден астам жүргізушіге көлікті уақытша тіркеу туралы кеңес берді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Өңірдегі барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтары демалыс күндері шетелдік нөмірі бар автокөлік жүргізушілерінің мәселелері бойынша жұмыс істеуде. 1-2 ақпанда Өскемен қаласындағы арнайы ХҚО-да тәртіп сақшылары ЕАЭО елдерінен әкелінетін көлік құралдарын уақытша тіркеу туралы кеңес берді.

- Әкімшілік полиция бөлімінің қызметкерлері мен мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері көлікті уақытша немесе тұрақты тіркеуге қалай қою керектігін түсіндірді. 2 күн ішінде 50-ден астам адамға кеңес берілді, - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.