ШҚО кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Сәния Тұтқанбаева жарты жылды қорытындылап, баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сот төрағасы алты ай ішінде былтырмен салыстырғанда сотқа түскен азаматтық істер саны, оның ішінде ата-ана құқығын айыру және өндірілген алимент мөлшерін азайту жөніндегі талап арыздардың саны көбейгенін атап өтті.
- Жыл басталғалы жарты жыл ішінде 240 азаматтық іс қаралып, 132 іс бойынша шешім шығарылды. 60 іс бойынша тараптардың татуласуымен медиация келесімі бекітілген, - деді Сәния Тұтқанбаева.
Сот төрағасы алты айды қорыта келе, азаматтық пен қылмыстық істердің көбейгенін, ал азаматтық істердің азайғанын атап өтті.
Сонымен қатар іс-шара аясында «Сот кабинеті» сервисі, сот отырыстарын аудио-бейне жазбасы сияқты инновациялық технологиялар туралы айтылды.