ШҚО-да жыл басталғалы 374 кәсіпкердің құқығы қорғалды

280
көрілім
Фотосурет ашық дерекккөзден

Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен жиында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі ШҚО бойынша Департаменті өкілдері «Бизнеске жол» жобасы жайлы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аталған жоба аясында биыл 900-ден астам кәсіпкердің қатысуымен 76 кездесу ұйымдастырылды. Департамент басшысы Денис Шакеновтің айтуынша, бұл іске облыстық Кәсіпкерлер палатасы өкілдері де белсене атсалысты.

– Барлығы 66 өтініш қаралып, 27 сұрақ бойынша тиісті жауаптар берілді. Өңір көлемінде 374 кәсіпкердің құқығы қорғалды, – деді жауапты тұлға.

Одан бөлек, жыл басталғалы саябақ, музей-қорықтардың маңында кәсіпкерлерге жер беру бойынша жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді. Ол жерде де іскер адамдардың құқығын шектеу әрекеттері тіркелген. Жерді жалға беру кезінде саябақ иелерінің кәсіпкерлерге жерді түрлі бағалармен ұсынғандары анықталды.