Өңірде осы жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында 353,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілші.
Бұл туралы Өскемен қаласы тұрғындарымен кездескен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев айтты.
- Облысқа биыл 596,4 млрд теңге инвестиция тартылды. 294,2 млрд теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілді. Өңір бойынша барлығы 353,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, - деді аймақ басшысы.
Оның айтуынша, бүгінде жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызды құрап отыр.
- Жыл көлемінде 30 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Оның ішінде 23 мыңы тұрақты жұмыс орны, - деді Ермек Көшербаев.