ШҚО-да жыл басынан бері 56 алаяқтық фактісі тіркелген

382
көрілім
Фото 7Kun.kz сайтынан

2020 жылдың қаңтар айынан бері өңірімізде онлайн қарыз алу арқылы жасалған 56 алаяқтық фактісі тіркелген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қаңтар айынан бері қалалық полиция қызметкерлерінің қатысуымен «Контрафакт» жедел-алдын алу шарасы өткізіліп, нәтижесінде Алматы облысы тумасының қылмысы әшкереленді. Белгілі болғандай, 1977 жылғы ер адам 2019 жылы өскемендік үш тұрғынның атына жалпы сомасы 160 мың теңгені құрайтын онлайн кредит рәсімдеген. Қазір ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.