Заңсыздықтың басым бөлігі балық аулау жағдайына қатысты болып отыр. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Жыл басынан 19 маусымға дейін аталған басқарма Орман және аңшылық шаруашылығының жедел қимыл отрядымен күзету жұмыстары жүргізген. Соның нәтижесінде 254 құқық бұзушылық фактілері тіркелген. Оның ішінде: балық аулау бойынша – 224, аң аулау бойынша – 30 бұзушылық анықталды.
Құқық бұзушылардан 101 дана браконьерлік құрал мен 4000 метр ау, 1235 келіден астам балық түрлері тәркіленген.