ШҚО-да жыл сайын екі мыңнан астам адам қатерлі ісікке шалдығады

212
көрілім
Фото onco.kz сайтынан

Облыс аумағында онкологиялық ауруларға шалдыққан 14 мыңға жуық адам есепте тұр. Науқастардың көбі сүт безі, өкпе және жатыр мойны обырымен күресіп келеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Ресми ақпаратқа сүйенсек, онкологтар жыл сайын облыстың 2,5 мың тұрғынына  «қатерлі ісік» диагнозын қоюда.
Өткен жылы өңірде онкологиялық қызметті дамытудың жаңа бағдарламасы іске қосылды. Енді ақ халаттылар қатерлі ісікті алдын алу, ерте диагностикалау және мамандандырылған көмектің сапасын арттыру жұмыстарын күшейтпек.
— Облыста 22 онкологиялық диспансер бар. Біз сондай-ақ ОКК-мен (онкокөмек көрсетуші координаторлар) жұмыс істей бастадық. Қазір облыста 107 қабылдау кабинеті бар, олар таңғы сағат 8:00-ден кешкі 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Ауруханадағы барлық науқас міндетті түрде тексеруден өтеді. Тиісті мамандар онкологиялық белгілердің бар-жоғын тексереді, - деді ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығының директоры Гүлмира Сағидуллина.

Қымбат МУХАМАДИЕВА