Қараша айының 2-3 күндері өңірде «Зымыран-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтеді.
Жаттығу барысында «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымыран тасығышты ұшыру кезіндегі апаттармен байланысты ТЖ жоюға дайындық деңгейі анықталады.
«Зымыран-2023» оқу-жаттығуы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде кіріспе пысықталады. Шығыс Қазақстанның барлық қалалары мен аудандарында азаматтық қорғаудың 15 қызметі жоғары дайындыққа келтірілді. Құтқарушылар екі күн қатарынан шынайы уақыт режимінде төтенше оқиға кезіндегі іс-қимыл алғышартын пысықтайтын болады.
Екінші кезеңде оқу-жаттығу орындарында авариялық-құтқару оқу-жаттығуларды тәжірибелік пысықтауды ұйымдастырады.