27 тамыз күні Зырян қаласынан облыс орталығына бет алған шағын автобус аударылып, бір жолаушы қаза тапты. Жол апаты Өскемен-Зырян тас жолының 95-ші шақырымында орын алған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
– Апат орнында 1954 жылы дүниеге келген әйел қаза болды, – деп хабарлады Серебрянск қалалық ауруханасы. – Бес жолаушы, біреуі 2008 жылы туған бала әртүрлі дене жарақаттарын алды.
ШҚО ІІД жол апатының шағын автобус жүргізушісінің рөлге ие бола алмай қалуы себепті орын алғанын хабарлады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі анықтау шаралары жүргізілуде.