ШҚО-дағы 128 мектеп мүгедек балалардың ыңғайына қарай жасақталды

548
көрілім
Шығыс Қазақстан өңіріндегі барлық мектептердің бестен бірі мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру мақсатында арнайы жасақталған. Бұл туралы облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Елена Старенкова хабарлады.

Басқарма басшысының айтуынша, өңірде мүмкіндігі шектеулі 59475 адам бар. Олардың ішіндегі 14902-і балалар. Мүгедек жандарға сапалы білім беру жолында облыста біршама ілкімді істер тындырылған. Мемлекеттік тапсырыс аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға сеп болу үшін облыс аумағында 17 үкіметтік емес ұйым жұмыс атқарады.

– Инклюзивті білім беруге бейімделген 128 мектепте 1746 бала оқиды. Балалалар үшін арнайы (коррекциялық) 87 сынып ашылды. 802 бала толығымен жалпы білім беру үрдісіне бейімделген. 129 бала мектепке дейінгі мекемеге барады, – дейді Елена Старенкова.

Аян Өрібаев