ШҚО-дағы 30-ға жуық кәсіпкерге негізсіз төлемдер жүктелген

421
көрілім

Өңірдегі 28 кәсіпкер ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне және «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына атқарушылық іс жүргізудің негізсіз орындалуымен келіспей, шағым білдірген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Кәсіпкерлер мемлекеттік кірістер органдарының салық бұйрықтары негізінде жүгінді. Аталған бұйрық ҚР Салық кодексінің 128-бабына сәйкес жеке кәсіпкер болып саналмайтын жеке тұлғаларға қатысты шығарылуы тиіс болған.

- Осылайша, кәсіпкерлер аталған бұйрыққа сәйкес салық төлегенде сот орындаушыларының шығындарын да қосымша төлейтін еді, - делінген ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өкілдері ұсынған мәліметте.

Департамент пен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының араласуынан кейін мемлекеттік кірістер органдарына ұсыным жолданды. Нәтижесінде аталған бұйрығы жойылып, кәсіпкерлерге қатысты атқарушылық іс жүргізу тоқтатылды.