Өңір прокурорлары жүргізген тексеру нәтижесінде 56 мектептегі 15 мыңнан астам оқушыға тыйым салынған интернет-контенттің қолжетімді болғандығы анықталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Нақты айтқанда, Өскеменнің 7 мектебінде сабақ барысында порнографиялық сипаттағы сюжеттер іздестіріліп, қаралған. Ал Шемонаиха ауданындағы 8 мектепте балалар букмекерлік кеңселердің сайттарына кірген.
Балалардың интернетке қолжетімділігін шектейтін бағдарламалық қамтамасыз етудің жоқтығы салдарынан осындай фактілер Риддер қаласында (15 мектеп), Алтай (6 мектеп) Самар (19 мектеп) және Ұлан аудандарында (1 мектеп) тіркелді.