ШҚО-дағы 79 мың тұрғынға азық-түлік сатып алуға қаржылай көмек көрсетіледі

762
көрілім
Шартты фотосурет

Өскемендегі Аймақтық коммуникациялар орталығында өткен брифингте қай санаттағы тұрғындардың азық-түлік сатып алғандығы және алдағы уақытта кімдер қаржылай көмекке ие болатындығы айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметттік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Досхан Қайырғазиновтың айтуынша, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау   министрінің бұйрығына сәйкес шектеу шараларының енгізілуіне қарай азық-түлік жиынтығы түрінде әлеуметтік көмек алатын әлеуметтік әлсіз топтардың 5 санаты бекітілді.
Аталған құрамға АЕК (ШҚО бойынша 14,3 мың бала) алып отырған 6-18 жас аралығындағы балалар, әртүрлі жастағы 1,2,3 топтағы мүгедек жандар (облыс бойынша 47,2 мың адам), мүгедектігі бар балалар (облыс бойынша 5220 адам) және жұмыспен қамту органдарында тізімде тұрған жұмыссыздар (облыс бойынша 7195 адам) енді.
Қазіргі уақытта азық-түлік жиынтығы тұрғындардың қолдарына берілмейді. Оның орнына олардың есеп шотына 5567 теңге болатын бірмезеттік төлем аударылады.
Жалпы өңір бойынша аталған 440 млн теңгені құрайтын көмек 79 мың адамға көрсетілмек. Оның ішінде 7 мыңнан астам адам қаржылай көмек алып үлгергендер.