ШҚО-дағы 7 мектепте сабақ барысында порнографиялық сюжеттер қосылған

307
көрілім
Фотосурет Tengrinews.kz

Прокурорлық тексеру нәтижелері облыстағы 56 мектептің 15 мыңнан астам оқушысы тыйым салынған интернет-контентке қол жеткізгенін көрсетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Атап айтқанда, Өскеменнің 7 мектебінде сабақ барысында порнографиялық сипаттағы сюжеттер іздестіріліп, қаралған. Шемонаиха ауданындағы 8 мектепте букмекерлік кеңселердің (1хбет, олимп) сайттары қаралды.

Балалардың интернетке қолжетімділігін шектейтін бағдарламалық қамтамасыз етудің жоқтығы түріндегі осы тектес бұзушылықтар Риддер қаласында (15 мектеп), Алтай (6 мектеп) Самар (19 мектеп) және Ұлан аудандарында (1 мектеп) тіркелді. Анықталған заң бұзушылықтар бойынша облыс прокуратурасы аймақтың барлық мектебінде тиісті бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату және кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қабылдау мәселесін көтерді. Одан бөлек, облыстың білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментіне қадағалау актісі енгізілді (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 409-бабының 7-2-бөлігі).

- Көріп отырғанымыздай, бүгінде балалар әлеуметтік кеңістікті белсенді пайдаланушылары және мектептерде зиянды интернет сайттарға жиі кіреді. Осыған байланысты, ықтимал келеңсіз салдарды ескеріп, прокуратура органдары ата-аналардың назарын балалар қарайтын интернет-контентті қадағалап, олармен қажетті түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігіне аударады, - делінген мәліметте.