ШҚО-дағы аудан орталықтарын абаттандыруға 1,2 млрд теңге бөлінген

343
көрілім
Шартты фотосурет

Шығыс Қазақстан облысындағы 100 елді мекенді абаттандыруға арналған бағдарлама әзірленген болатын. Бүгінде осы мақсаттағы бірқатар жобалар мәресіне жетті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Жалпы өңірдің қала-аудандарын абаттандыру үшін 4,2 млрд бөлініпті. Оның ішінде 1,2 млрд теңге аудан орталықтарына жұмылдырылған. Бұл жайлы бүгінгі «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының Саяси кеңесі бюросы отырысында айтылды.

- 3 бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Әр елді мекенде абаттандыру, көгалдандыру, асфальттау жұмыстары жүргізілуде. Қазірде аудан орталықтарындағы 24 жоба толықтай аяқталды, - дейді ШҚО Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Мұрат Мұсатаев.

Алайда барлығы шенеуніктің есебіндегідей керемет болмай шықты. Кейбір аудандар тиісті жұмыстарды мерзімінде орындамауда.

- 1 қарашада барлығын қатаң тексеремін. Абаттандыру жұмыстарын белгіленген кестеге сәйкес жүргізу керек. Осы тұрғыда Көкпекті, Үржар аудандары жақсы көрсеткіштерге ие, - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Аймақ басшысы елді мекендерді абаттандырға келесі жылы да қомақты қаражат бөлінетіндігін айтты.

Талғатжан МҰХАМАДИЕВ