ШҚО-дағы ауруханаларының жеткізушілер алдында берешегі бар ма?

183
көрілім

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалы бұл таққырыпты жан-жақты талқылады. Осыған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында жергілікті ауруханалардың жеткізушілер алдындағы кредиторлық берешегі туралы ақпарат пайда болған еді. Бұл кезде ауруханалардың өздеріне де бірнеше ай бойы әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем алмағандығы айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшімі.

Алғашқы сауалымызға ӘМСҚ-ның облыс бойынша филиалының директоры Данияр Исенов жауап берді.

Данияр Болатұлы, жеткізушілер алдындағы берешек былтыр толыққанды төленіп пе еді?

– Алдымен мына дүниеге тоқтала кету керек. Аурухана тарапынан шынымен де жыл басынан бері толық көлемде төлемдер жүргізілген жоқ, бірақ мұның салмақты себептері бар. Айталық, Денсаулық сақтау министрлігі мен Қордың төлем жүйелерін пысықтау жүргізілді. Бірақ бұл ретте қорды жеткізуші ұйымдардың ешқайсысы қаржыландырусыз қалмады және пациенттерге бұл жағдай теріс әсер еткен жоқ. Біз 2023 жылға арналған соманы толығымен төледік, ал биылға барлық көлемнің 70%-на дейін аванс бердік. Жалпы алғанда бұл бағытта 28,7 миллиард теңге жұмсалды. Қазір жағдай реттеліп, қаңтар айы бойынша төленді. Жуықта кестені ретке келтіреміз. Әдетте, қордағы төлемдер медициналық мекемелерге есеп беруден кейін келесі айда, бірақ жұмыс сапасына мониторинг жүргізілгеннен кейін түседі.

Соңғы жылдары Қор тарапынан қаржыландыру мөлшері артқан шығар?

– Иә, жыл сайын медициналық ұйымдар қорының қаржыландыруы өсуде. Үш жыл ішіндегі өсім 30% құрады. Егер 2022 жылы төлем мөлшері 72,8 млрд теңгені құраса, 2024 жылы сатып алу жоспары 94,8 млрд теңгеге дайындалды. Тағы бір айта кетерлік жайт, кредиторлық берешек сол күйі жалғасып жатқан болуы да мүмкін. Қалай дейсіздер ғой? Бұны тауар сатып алынған, бірақ жеткізушіге қаражат әлі аударылмаған жағдаймен байланыстыруға болады. Тіпті мерзімнің өтіп кетуі сияқты жағдайлар тіркелуі мүмкін.

Осы айтылғандарды ескерсек, ауруханалардың басқа ұйымдарға қарызы болуы мүмкін бе?

– Тақырып берешек төңірегінде болғандықтан үшінші жақты та айта кетуге тиіспіз. Яғни, медициналық мекемелердің үшінші тұлғаларға, олардың провайдерлеріне қарыздары бар. Негізі, Қор бұл мәселені шешумен айналыспауы тиіс. Алайда медициналық ұйымдарға көмек көрсету аясында біз бұл жұмысты қолға алдық. Біртіндеп мәселені зерттеуге көштік. Бірнеше себептер бар екені белгілі болды: кейбір жағдайларда тарифтердің тиімсіз болуы, басшылық пен менеджмент әсері, арасында қаражаттың ретсіз бөлінуі сияқты жайттар бар. Осы тұрғыда біртіндеп жұмыс істейміз, қарыздардың көпшілігін жабуды жоспарлап отырмыз.

Өңірдегі әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қанша ұйыммен жұмыс істейді?

– Бүгінде медициналық 59 ұйыммен жұмыс істейді. Оның 31-і мемлекеттік, қалғаны жекеменшік. 12 ұйымның берешегі бар, оның бесеуі кестеден кешігіп жатыр (жалпы сомасы – 1.6 млрд теңге).

Анықталғандай, осындай ұйымдардың бірі – облыстық мамандандырылған медициналық орталық (бұрынғы бірінші қалалық аурухана). Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Төлеген Жигитаевтың айтуынша, аурухананың кредиторлық берешегі 200 миллион теңгені құрайды. Яғни, олар өз жеткізушілеріне сонша қарыз. Алайда мекеменің өзінде медициналық сақтандыруға шағым түспеген. Сонымен қатар, онда бірде-бір науқас көмексіз қалмаған. Орталықта қызметтердің 90%-ы шұғыл түрде көрсетіледі. Бұл туралы ауруханының бас дәрігері Шолпан Мақашева толығырақ айтып берді.

– Бүгінде МӘМС-ке аванс түсті. Қаңтар, ақпан айларында атқарылған жұмыстар бойынша актілерді жабу кезеңі басталды. Жалақы мен демалыс төлемдері уақтылы төленуде, салықтар бойынша берешек жоқ, – деді ол.

Қордағылардың сөзінше, облыстық медициналық сақтандыру орталығына 1 млрд 762 млн теңге көлемінде аванс алған. Бұнымен қоса, қаңтар-ақпан айларында 503 млн 661 мың теңге алған көрінеді.

– Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры – халық үшін ең ашық қордың бірі. Медициналық көмек алуда қосымша сұрақтар немесе мәселелер туындаған жағдайда пациенттерді қолдау және өз клиникасындағы ішкі сараптама қызметіне жүгіну қажет, – делінген мәліметте.

Егер жағдайды жергілікті жерде шешу мүмкін болмаса, байланыс арналарының бірі арқылы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өтініш жіберуге болады:

– Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы;

– Ресми сайт fms.kz;

– @Saqtandyrýbot Telegram-да;

– Байланыс орталығы 1414.

Асыл АЙТБАЕВ